Бұршақ пен жасымық сорттарына зерттеу жүргізіліп жатыр
Жаңалықтар
Апробациялық бауларда бұршақтың: Статус, Касиб, Өріс және жасымықтың: Крапинка, Шырайлы, Сакура сорттары бар.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО дәнді-бұршақты дақылдар зертханасында институт шығарған сорттардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында бұршақ пен жасымық сорттарына зерттеу жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдық мақсаттарға пайдаланылатын барлық сорттары толық пісу фазасында апробациядан өткізіледі. Апробациялық бауларды іріктеу егістік дала арқылы ең үлкен диагональда өту және өсімдіктердің қажетті санын тең аралықта жинап алу әдісімен жүргізіледі.
Апробациялық бауларда бұршақтың: Статус, Касиб, Өріс және жасымықтың: Крапинка, Шырайлы, Сакура сорттары бар. Ендігі кезекте толық талдау нәтижелеріне сай апробация актісі толтырылады.
1 379 -рет қаралды