А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары микробиологиялық зерттеу жүргізуге әзірлікті бастады
Жаңалықтар

Қоректік құралдар Петри тостағандарына құйылып, одан әрі топырақ суспензиясының мөлшерлі ерітіндісі әдісімен тұқым себіледі. Ол үшін залалсыздандырылған су толы шыны сауытқа топырақтың өлшендісі салынады.
Астыққа, ұн мен нанға талдау жүргізу үшін де дәл осындай әдіспен дайындық жүргізіледі. Алдымен Wile 55 ылғалөлшегішінің көмегімен астықтың ылғалдылығы анықталады. Мұнан соң эпифиттерді және жасырын инфекциялардың бар-жоғын анықтау үшін бидай дақылдарының өлшендісі іріктеледі.
Астықтың фитопатогендік микроорганизмдермен зақымдануы агаризацияланған қоректік құралдардың бетіне бидай дәндерін себу арқылы анықталады. Кейін микроорганизмдерден таза дақылдарды бөліп, олар сәйкестендіріледі.
1 208 -рет қаралды