АШҒӨО-ның Valmont-пен бірлескен семинарында фермерлерге жаңбырлатқыштар мен қысымды реттегіштерді дұрыс таңдаудың маңызы туралы айтылды


Жаңалықтар

2019 жылғы 16 қазанда А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында «Алғашқы пивот: механикаландырылған суармалы егіншілікті енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтті. АШҒӨО мен Valmont бірлесе ұйымдастырған семинарға қазақстандық және шетелдік (АҚШ, Ресей, Өзбекстан) агрофирмалардың өкілдері қатысты.

Senninger компаниясының Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық менеджері Олег Александров «Жаңбырлатқыштар мен қысымды реттегіштерді дұрыс таңдау» тақырыбында таныстырылым өткізді. Оның барысында қатысушыларға жаңбырлатқыштың дұрыс типін пайдалану және оның түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруға әсері және егістерді тиімді суландыруда түпкі мақсатқа жетудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Valley компаниясының сауда жөніндегі аймақтық директоры Сергей Стефанов «Суландыру жөніндегі жобаны әзірлеу: GPS-координаттан жүйені алқапқа орнатуға дейін» атты таныстырылым жасады.

Өз кезегінде Valley компаниясының сауда жөніндегі аймақтық менеджері Николай Рябов Valley суландыру жүйесіне алыстан қол жеткізу және суландыруға кететін операциялық шығындар туралы әңгімеледі.

скачать dle 12.0
926 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх