А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да оқу семинары өтті
Жаңалықтар / Жаңалықтар







А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да «Құрғақшылық егіншіліктің заманауи ылғал, ресурс үнемдегіш жүйелері» тақырыбында оқу семинары өтті, ұйымдастырушы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ.
Семинардағы сарапшылар мен дәріскер ғалымдар нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі - Скобликов В.Ф., бейінді және агроландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушісі - Акшалов К.А., өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі - Кочоров А.С., болды. Ақмола және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері теориялық және тәжірибелік далалық сабақтарда қарқынды егіншілік саласындағы ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерімен, нақты егіншілік элементтерімен танысты және ғалымдармен ауа-райының құбылмалы климаттық жағдайларында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ерекшеліктерін талқылады.