Түрік ғалымдары А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен ынтымақтастықты белгіледі
Жаңалықтар / Жаңалықтар
Қазақстан мен Түркияның ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығы аясында бүгінде екі елдің аграрлық ғылым өкілдерінің қарым-қатынастары белсенді түрде жолға қойылуда.
4 қыркүйек күні А.И. Бараев атындағы АШҒӨО шетелдік ғалымдар: Түркияның Шығыс-Жерортатеңіз ауыл шаруашылығы ғылыми институтының директоры Абдуллах Чил, ғалым-селекционер, институттың биотехнологиялық зертханасының меңгерушісі Айше Нуран Чил, Osterras (Түркия) компаниясының директоры Саменова Гульмира қазақстандық астық шаруашылығы Орталығының қызметімен танысу мақсатында келді. Әңгімелесу барысында түрік әріптестер тұқым шаруашылығы, дақылдардың сорттарын сынау, генетикалық және ауыл шаруашылық өсімдік материалдарымен алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты.
Сондай-ақ түріктер тарапынан жақын арада өсімдік шаруашылығы, атап айтқанда астық және майлы дақылдар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге ниет білдірді.
Жақын арада тараптар ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандум жасауды және селекциялық инновациялық зерттеулер мәселелері бойынша ғылыми тәжірибе алмасу, ғылыми тағылымдамаларды жүзеге асыруды қолға алуда.
2 194 -рет қаралды