Ұжымда ақпарат алмасу
Жаңалықтар
Кез келген ақпарат алмасу, әсіресе best experience стилінде өте маңызды. Ал шетелдік жұмыс іс-сапарларынан қайтып келген әріптестер қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша басқа елдердегі жетістіктермен бөлісу - жұмыста штамптардан бас тартуға және үйреншікті бағдарларды ұғынуға ынталандырады.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның бір топ ғалымдары Түркияның Эгей жағалауындағы Измир қаласының маңында орналасқан мемлекеттік Эгей ауыл шаруашылығы институтында ғылыми іс-сапарда болды. Аграрлық ғылымдағы ұлттық және жалпы әлемдік талаптарға жауап беретін әрі өздерінің белгіленген зерттеулерінің бағыттарында профильді институттың шетелдік әріптестерінің қызметімен танысуға мүмкіндік алған қазақстандық ғалымдар іскерлік сапармен мол тәжірибе жинап қайтты.
Кездесу басында спикерлер ЭАШИ туралы шағын бейнематериал көрсетті. Одан кейін делегация жетекшісі, коммерциализация және даму бөлімінің меңгерушісі Б. Ж. Бекешев, нақты егіншілік тобының жетекшісі В. В. Заболоцких және жаздық бидай сорттарының генетикалық ресурстары тобының жетекшісі Ю. Ю. Долинный қызықты хабарламалар жасады. Олардың ақпараты аудиторияда, әсіресе тұқымдық гендер мен гербарийлер банктерінің, тұқымдық материалдарды сақтауға арналған қомақты мекемелердің қызметіне, шығарылған сорттарды патенттеуге және басқа да мәселелерге қатысты мәліметтері қызығушылық тудырды. Сондай-ақ біздің қызметкерлеріміз университет жанындағы Биотехнология орталығы мен Түркі әлемінің зерттеу институтына барғандағы әсерлерімен бөлісті, сонымен қатар түрік ғылыми қоғамдастығының өкілдерімен оларды қызықтыратын мәселелер бойынша достық жағдайда пікір алмасуға және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алдағы тәжірибе алмасу аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.
2 696 -рет қаралды