Ресей халықтар достығы университеті ғалымдарымен ынтымақтастықты нығайту


Жаңалықтар / Жаңалықтар


21 қыркүйекте А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына қазақстандық астық шаруашылығы орталығының қызметімен танысу мақсатында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға келген шетелдік қонақтар агробиотехнологиялық департаменттің директоры, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, Пакина Елена Николаевна, агробиотехнологиялық Департаменттің доценті, а.ш.ғ.д., Зангар Мейсам және а.ш.ғ.к., Бурлуцкий Валерий Александровичкелді.

Кездесу басында Орталық басшысы Савин Тимур Владимирович ресейлік әріптестеріне ғалымдардың жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары, қалыптасу және даму жылдарындағы ғылыми жетістіктері және халықаралық ынтымақтастық туралы айтып берді. Ресейлік салалық ҒЗИ-мен тығыз ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Өз кезегінде ресейлік әріптестер С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ және Ресей халықтар достығы университеті ғалымдарының форумының белгіленген бағыттары шеңберінде ғана емес, сонымен қатар егіншілік пен өсімдік шаруашылығы бойынша ғылыми - техникалық бағдарламалар шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

скачать dle 12.0
3 230 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх