Халық қалаулысы А.И.Бараева атындағы АШҒӨО болды
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Құсайынов жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болды. Сапар барысында мәжілісімен ауданның басқа да нысандарымен қатар А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың жұмысымен танысты. Ол орталықта талдау зертханаларын, өндірістік бақылау орталығын және мұражайды аралап көрді. Сондай-ақ еңбек ұжымымен арнайы кездесіп, ой бөлісті. Делегация құрамында Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров болғандығын айта кету керек.
Депутат ұжыммен кездесу барысында қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы депутаттық миссиясы туралы айтып, ғылыми саладағы түйткілді мәселелерге тоқталып өтты. Атап айтқанда, ғылымды субсидиялау қағидаларының жекелеген ережелерін жетілдіруге қатысты көтерілген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ауылшаруашылық құрылымдарында, сондай-ақ атылмыш орталықтарда ғылымды жүзеге асыру барысында жалпы тұрмыстық жағдайды жақсарту мәселелері қозғалды.

