"ҚАР ТОҚТАТУ – ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ"
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Ғалымдар елімізде үшінші жыл қатарынан қуаңшылық болады деп болжап отыр. Жазда жауын-шашын аз болғандықтан, жерде тоң жоқ, топырақта ылғал аз. Сондықтан, су үнемдеу, топырақты ылғалдандыру үшін мамандар қар тоқтату технологиясына көшуді ұсынуда. Ол үшін еліміздің бірнеше өңірінде жауған қарды ұстап қалып, көктемде еріген суымен егістік пен шабындық жерді суаруға болады. ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген «Қар тоқтату – тиімді технология» атты қысқа метражды деректі фильмде қар тоқтатудың тиімділігі көрсетіліп, мамандар пікірі айтылады.
Бұл көрсетілімде А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары да ерекше тәсіл пайдалану барысы көрсетіледі.
Бұл көрсетілімде А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары да ерекше тәсіл пайдалану барысы көрсетіледі.
362 -рет қаралды