Орталықта қар тоқтату жұмыстары аяқталды


Жаңалықтар


Тәжірибелі диқаншылар келесі дана өсиетті жақсы біледі: даладағы қар — қоймадағы нан. Оның өзектілігі осы күнге дейін расталып келеді: астық алқаптарындағы қар жамылғысы неғұрлым жоғары болса, егін соншалықты көп болады.

Жақында "А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы" №11, №34 және №35 алқаптарда, жалпы аумағы 720 гектарда қар тоқтату жұмыстары аяқталды.

Қар тоқтату - қысқы қардың есебінен топырақта ылғал жинау бойынша маңызды іс-шара. Қар үйінділерін кесу екі жаңа КА-744 тракторларының және СВУ-2,6; СВШ-7 және т. б. көмегімен жүргізілді.

Қар үйінділері арасындағы қашықтық 4-7 метр. Қар тоқтату жұмыстары ауа-райы қолайлы уақытта, қар қалыңдығы 25-35 см болған кезде жүргізілді.
скачать dle 12.0
1 069 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх