Жиналған қар – болашақ егіннің кепілі
Жаңалықтар
Ауыспалы егістер зертханасының көпжылдық стационарында ақпан айының басында СВУ-2,6 қар жыртқышымен механикаландырылған қар тоқтату жүргізілді. Әр дестенің арасындағы қашықтық 3-4 метр. Қар тоқтату жүргізілгеннен кейін қар ақ сабақтың биіктігінен жоғары жиналған.
Қысқы маусымда қар жамылғысының жай-күйін бақылау нәтижесінде келесі мәліметтер алынды. Қар жамылғысының қыстың соңына қарай әр түрлі агрофондарға байланысты 30-45 см-ге жетті. Ал ең аз қар таза парда, ондағы қардың биіктігі – 22,5 см. Себебі таза пардың тегістелген бетіне жиналған қар жыраларға шығып қалады.
Егін жинау барысындағы астық дақылдарының ұзын сабақтары қалған жерлерде қар 45 см дейін жиналған. Әртүрлі агрофондарға байланысты қыстың соңына қарай қардың тығыздығы 0,32-0,36 гр/см3 болды.
Осылайша алқаптарда жиналған қар ауыл шаруашылығы дақылдарына қорек ретінде пайдаланылып, биыл да мол егін алу үшін сетпігін тигізеді.
1 209 -рет қаралды