Әр түрлі алғы дақылдардағы тиімді ылғалдың қоры


Жаңалықтар

Өтіп бара жатқан 2021 жыл Ақмола облысы үшін өте қиында қуаңшылық болды. Ағымдағы жылдың күз айларының құрғақ болуына байланыстытопырақтағы тиімді ылғал қорын арттыру мүмкіндігімен аса қамтамасыз етілмеді. Құрғақ жылдан кейінгі күзгі-қысқы жауын-шашын есебінен топырақ ылғалдылығын жинақтайтын әртүрлі алғы дақылдар бойынша өнімді ылғал қорларының мһөлшері көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Әр түрлі алғы дақылдардағы тиімді ылғалдың қоры
Алғы дақылдар
Қыста кетер алдында, мм
топырақтың жарты метрлік қабаты 0-50 см
топырақтың бір метр қабаты 0-100 см
Таза сүрі жер танабы
81,6
124,3
Асбұршақ
58,4
77,6
Таза сүрі жер танабынан кейінгі 3-жылы себілген бидай
33,7
47,9
Майлы зығыр
42,0
56,5
Бір орында үзіліссіз өсірілетін бидай
39,6
46,2
Қыста кетер алдында таза сүрі жер танабындағы өнімді ылғал қоры, аңыздық танаптарға қарағанда 2 есе көп (124,3 мм) болды. Ал аңыздық алғы дақылдарды таза сүрі жермен салыстырғанда ылғал мөлшері біршама төмен болды. Мұны әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарының ағымдағы жылы өсімдіктерден өнім алу үшін пайдалануымен түсіндіруге болады. Әр түрлі алғы дақылдарда (таза сүрі жерден басқа) қыста кетер алдында ылғал қорының шамалы өсуі негізінен топырақтың жоғарғы жарты метрлік қабатында 33,7-58,5 мм байқалды, ал топырақтың метрлік қабатында 46,2-77,8 мм мөлшерінде жиналды.
Әр түрлі алғы дақылдарға себілген жаздық бидайдан кейінгі егістіктердегі топырақтағы ылғалының қорын бағалай отырып, қыста кетер алдында топырақтың бір метр қабатында оның мөлшері едәуір аз болатындығын атап өтуге болады. Топырақтағы ылғалының қорын тек қысқы жауын-шашынмен толықтыруға болады, өйткені көктемде түсетін жауын-шашын мөлшері топырақ бетінен толығымен буланып кетеді.
Кәдімгі деңгейде орылған сабанды қалдыру қардың биіктігі деңгейінде жиналатын қарды толығымен пайдалану мәселесін шешпейді. Қарлы қыста қар мөлшері аңыздық танапты қармен толығымен толықпайды, қыстың соңында қар жамылғысының бетінде 2-3 см сабан көрінеді (1-сурет).


1-сурет Аңыздықалғы дақылдарда қар тоқтатуға дейінгі қар жамылғысының биіктігі.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның көпжылдық деректері. биіктігі 12-15 см болатын өсімдік сабағын қалдырған кезде қар жамылғысының биіктігі орта есеппен 14,7 см, 20-25 см -22,3 см, 35-40 см -30,8 см болатындығын көрсетті.
Сондықтан, әр түрлі алғы дақылдар үшін топырақтағы ылғал қорын толықтырудың жалғыз мүмкіндігі қыста қарды тоқтату және сақтау болып табылады.
А.Бараев сайтына арналған мақаланы дайындаған ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы.
скачать dle 12.0
887 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх