Халықаралық көрме ауылшаруашылығы ғылымындағы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы алаң болып табылады


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.Бараев атындағы АШҒӨО зерттеушілері 2022 жылғы 16-18 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен AgriTek/FarmTek ASTANA-2022 атты 17-ші халықаралық ауыл шаруашылығы бойынша мамандандырылған көрмесіне қатысуда. Жыл сайын өтетін аталмыш көрме Қазақстандағы ең маңызды ауылшаруашылығы шараларының біріне айналды.


Көрмеге 30-дан астам алыс-жақын шетел елдерінен 300-дей ірі жаһандық агроконцерндер қатысу үстінде. Олар ауыл шаруашылығы саласына қажетті тауарлар мен кешендердің барлық түрлерін ұсынады. Атап айтқанда мал шаруашылығы мен шаруашылыққа қажетті өнімдер, ет-сүт, машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінен бастап жалпы ауылшаруашылығына қажетті барлық кешенді дүниелерді ұсынады. Көрме негізінен іскерлік бағдарлама жүйесінде ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларынен бөлек бизнесті дамыту бағыты мен өзге де мамандар қатысады. Шараның жұмыс жоспарына семинарлар, презентациялардан бөлек арнайы іскерлік алаңдар да ұйымдастыру қарастырылған. Көрмеге 4 мыңнан астам фермерлер мен басқа да ауыл шаруашылығы саласының өкілдері келген.

Аталмыш халықаралық көрме, ғалымдар мен зерттеушілердің агроөнеркәсіп кешеніндегі заманауи технологиялар мен инновациялық жобаларын ауқымды деңгейде таныстыруға жол ашады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту жолында серіктестер табуға, жобаларды жүзеге асыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әзірлемелерді енгізуге қолайлы алаң болып табылады. Бұдан бөлек дәл егіншілік жүйесі де назардан тыс қалып отырған жоқ.

скачать dle 12.0
395 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх