А.И.Бараева атындағы АШҒӨО ғалымдар Германиялық FrigorTec компаниясының арнайы өкілі Эдуард Лихтенбергпен кездесті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Соңғы өнімнің шығымдылығы және өңдеу өнеркәсібінің рентабельділігі өңдеуге шикізат ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына байланысты. Сапаның өзі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін қосымша пайда алудың маңызды факторына айналады. Осыған байланысты қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру және сақтау кезіндегі шығындарды азайту барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы биологиялық объектілерді жинау, өңдеу, сақтау және күту міндеті - барлық тіршілік процестерін барынша азайтатын және сонымен бірге тұқымды сақтау кезінде оның өміршеңдігіне жауап беретін әдістерді табу және тікелей қолдану басты бағыт болып отыр.


Бұл салалада негізінен ғылыми ережелерді әзірлеу мен ауыл шаруашылығы өндірісінің озық технологиялары, өнертабыстары орасан зор рөл атқарды. Осы тұрғыдан бізге шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерделеу, сынап көру артық болмайтыны анық.

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да ғалымдар мен өндіріс қызметкерлері FrigorTec компаниясының өкілі Эдуард Лихтенбергпен кездесу барысында жоғарыда айтылған мәселелерге көбірек назар аударды. Аталмыш неміс компаниясы 55 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі қолданбалы тоңазытқыш жабдықтарын шығарумен айналысып келеді. Жетекші бағыт – тағамдық және тұқымдық дәндердің сапасын табиғи сақтау және ұзақ мерзімді сақтау мақсатында дәнді, бұршақ, техникалық және майлы дақылдарды салқындату үшін GRANIFRIGOR™ сериялы қондырғыларды өндіру. GRANIFRIGOR™ әзірлеу FrigorTec, Бонндағы ауылшаруашылық технологиялар институты, Дюссельдорф университеті және Детмольдтағы дәнді дақылдар бойынша федералды зерттеу институтының бірлескен жобасы ретінде жүзеге асырылды. Осы уақытқа дейін FrigorTec өзінің технологиясын астық шаруашылығы бойынша әлемде ең ірі ел болып саналатын – Қазақстанда жүзеге асырып көрмеген.

Ең қызығы, Эдуард Лихтенберг біздің жерлесіміз. Ол Қазақстанда Шортанды ауданы Научный кентінде дүниеге келген. Әкесі Адольф Лихтенберг 30 жылдан астам астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Сондықтан, әкесінің ұсынысы бойынша жас инженер-конструктор қазақстандық ғалымдармен және өндіріс қызметкерлерімен, ең алдымен жерлестерімен, АШҒӨО қызметкерлерімен кездесіп, пайдалану бойынша ықтимал өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын белгілеуге ниет білдірді. Қазіргі таңда Эдуард Лихтенберг 2022 жылдың 16-18 наурызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін AgriTek/FarmTek Astana-2022 халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде өз әзірлемелерін ұсынуда.


скачать dle 12.0
333 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх