А.И. Бараева атындағы АШҒӨО базасындажастар ғылыми тағылымдамадан өтуде


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараева атындағы Астық шаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті КеАҚ 2 курс магистранттары ғылыми өндірістік тәжірибеден өтуде. Олар Агрономия факультетінің «Өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының 7М08104 «Фитосанитарлық мониторинг» мамандығының білім алушылары.

Орталық қабырғасында болған алғашқы күні магистранттар Орталық қызметінің негізгі ғылыми бағыттарымен, жетекші ғалымдармен, бөлімдер мен зертханалардың жетекшілерімен танысты. Сонымен бірге, талдау орталығы мен тарихи мұражайды аралап көрді. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында магистранттар дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды зиянды факторлардан: аурулардан, зиянкестерден, арамшөптерден қорғау жүйесі бойынша ғылыми зерттеулердің әдістері мен тәжірибесімен танысады және зерттеуге қатысатын болады. Бұл жас ғылыми кадрларды кәсіби даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі.



скачать dle 12.0
367 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх