А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары ақмолалық диқандарға ұсыныстар әзірледі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


2022 жылы Ақмола облысының шаруашылықтарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық ұсыныстарды А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің аймақтық ерекшеліктері келтірілген: жер өңдеу бойыншаресурсты үнемдейтін әдістері мен химиялық заттарды тиімді пайдалану, ұсынылатын егіс түрлері, ауыспалы егіс схемалары, егіс алқаптарының құрылымындағы әр түрлі пісіп-жетілетін сорттардың арақатынасы, егістіктің ерекшеліктері сынды біршама ұсыныстар әзірлеуден бөлек цфрлық технологияларды қолдану, тұқымдық материалды егіске дайындау, егіс жұмыстарының агротехникасының негізгі элементтері жөнінде кеңестер берді. Ұсыныстар Ақмола облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына, мамандарына, фермерлеріне, механизаторларына арналып отыр. Олар Орталықтың ресми сайтында: baraev.kz орналастырылған және сол жерде «ФЕРМЕР» бөліміндегі ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен сарапшы ғалымдарды агротехнологиялар, өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бойынша қызықтыратын кез келген сұрақтарды қойып, жедел жауап алуына мүмкіндік жасалып отыр.

скачать dle 12.0
445 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх