Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы өткізу мәселелері талқыланды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында, Ақмола облысы әкімдігінің мұрындық болуымен көктемгі егіс жұмыстарын сапалы өткізу үшін дайындық мәселелері мен қойылған міндеттерге арналған аграрлық кеңес отырысы болып өтті. Шараға көрші Солтүстік Қазақстан облысының түрлі деңгейдегі әкімдері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де арнайы қатысты. Шара басталмас бұрын «АгроКөкшетау 2022» өңірлік мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды. А.И. Бараева атындағы АШҒӨО көрмеге белсене қатысып өз экспозициясын ұсынды. Көрмеге келушілерге АШҒӨО бұршақ тұқымдастар, майлы дақылдар, дәнді-дақылдар түрлері мен көпжылдық дәндер және бұршақ дақылдарының перспективалы сорттары ұсынылды. Өңір диқандары дәнді дақылдардың шаруашылық жағдайына бейімделген құрғақшылыққа төзімді сорттарына үлкен қызығушылық танытты. Көрме барысында тұқым сатып алуға өтінімдер берілді. Қолдау көрсету және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің инновациялық технологияларын енгізу бойынша алдын ала келісімдер жасалды. Сондай-ақ, көрмеде ауылшаруашылық технологияларына арналған бағдарламалық-аппараттық блок және дәл егіншілік элементтері бар жабдықтар да ұсынылды. Зерттеуші Жанзақов Бақтияр көрмеге келушілерге нақты егін шаруашылығын қолданудың практикалық тәжірибесімен және ақпараттық материалдарымен бөлісті.



Облыстық ауыл шаруашылығы кеңесінде мемлекеттік және басқа да мүдделі салалық құрылым өкілдерімен бірге ғалымдар мен өндіріс қызметкерлері арнайы сөз сөйледі. Жиынға қатысушылардың шынайы қызығушылығын «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлының баяндамасы жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырғаны рас. Ол өз баяндамасында ғалымдардың ұсыныстары тудырды, ауа-райының қолайсыздығы, ұйымдастырушылық жағынан және ресурстық қолдау, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің аймақтық ерекшеліктерінің қысқаша мазмұнын ортаға салып ашық әңгімеледі. Сондая-ақ, жер өңдеу барысында ресурс үнемдейтін әдістер, химиялық заттарды тиімді пайдалану, ұсынылатын дақыл түрлері, ауыспалы егіс схемалары, егіс алқаптарының құрылымындағы әр түрлі жетілу сорттарының арақатынасы, цифрлық технологияларды қолдану мен ерекшеліктері, тұқымдық материалды егіске дайындау сынды жан-жақты мәлмет . Ұсыныстың толық мәтіні Орталықтың -baraev.kz ресми сайтында жарияланған және бұл шешімдер ақмолалық диқандар арасында үлкен сұранысқа ие.


скачать dle 12.0
447 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх