Болашақ өсімдік қорғаушылары А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасында ғылыми тағылымдамадан өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Өсімдіктерді қорғау» кафедрасының магистранттары А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да тағылымдамадан өтіп, инновациялық технологиялармен өндірістің жаңа түрлерімен танысты. Он күн бойы олар топырақтың және ауылшаруашылық дақылдарының сапасын бағалау бойынша талдау бөлімінде тәжірибелік семинарларға қатысты. Орталықтың жетекші ғалымдарымен жеке консультацияларда диссертациялар мазмұнын талқылауға қатысты, сондай-ақ жастар орталықтың жетекші ғалымдарымен арнайы экскурсия ұйымдастырды.


Магистранттар тағылымдамадан өту барысында Орталықтың кітапханасының электронды ресурстары базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Олар үшін оқытылатын курстар бойынша оқу-әдістемелік материалдар менғылыми қордағы өздеріне қажетті оқулықтарды еркін түрде пайдалануға жағдай туғызылды.


Тағылымдама нәтижесінде магистранттар құнды тәжірибе мен жаңа білім жинақтағаны үшін тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алып, жетекшілер тарапынан алғыс айтылды.

Аграрлық ғалымдар арасындағы мұндай ғылыми тағылымдамадан өту маман даярлау мен білімнің сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы ғылымында тың серпін берері сөзсіз.



скачать dle 12.0
412 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх