АШҒӨО қызметкерлері Ганновер университетінде тағылымдамадан өтті
Жаңалықтар

2019 жылдың 1-10 желтоқсан аралығында - А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның Сынақ талдау орталығының басшысы Кұнанбаев Қайрат Қайырбекұлы Лейбниц атындағы Ганновер университетінің (Германия, Ганновер қ.) Топырақтану институтында Топырақты химиялық талдаудың заманауи әдістері бойынша тағылымдамадан өтті.
Бараев орталығының қызметкерлері келесі ғылыми-практикалық тәжірибе бойынша тәжірибе жинады: институт қызметкері Джейкобпен бірге топырақта ауыр металдарды анықтау үшін сынама дайындау, индуктивті байланысқан плазмамен Атом – эмиссионды спектрометрмен топырақта микроэлементтерді анықтау, азот және көміртектің изотоптық белгісі бар тәжірибелерді жүргізу, топырақта Дзет-әлеуетті өлшеу жүргізу, сондай-ақ А. И. Бараев атындағы АШҒӨО қызметкерлері (Рукавицина И. В., Кұнанбаев К. К., Назарова П. Е. және доктор Хэнрик) институт стационарының аумағында бірлескен тәжірибе өткізді.
863 -рет қаралды