А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да ДАЛА КҮНІ өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараевта атындағы ғылыми-өндірістік орталығының базасында (Ақмола облысы Научный кентінде) 2022 жылғы 29 шілдесі күні «Ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары сорттары және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арасында инновациялық агротехнологиялар» тақырыбында дәстүрлі Егіс күні өтті. Биылғы маңызды ауылшаруашылық іс-шарасының негізгі мақсаты АШҒӨО-да –шығаратын бейімделген және сыналған дәнді, бұршақ, майлы, дәнді және мал азықтық дақылдардың жаңа сорттарын көрсету. Сонымен бірге отандық және шетелдік ғылыми ұйымдардың басқа сорттарын, өсірудің жаңа озық технологияларын салыстыру болды. Ауылшаруашылық дақылдары, заманауи цифрлық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған заманауи агротехнологияларды жеткізушілердің өнімдері, заманауи технологиялар жұмыстарының көрмесі және демонстрациясы алға тартылды. Сондай-ақ, мәселелерді шешу үшін агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық экономиканы пайдалану мүмкіндіктерін қайта қарастыру қажеттілігін түсіндіру. Қазіргі кезең шындығында азық-түлік қауіпсіздігінің көптеген өзекті мәселелерін алға тартып отыр. Шараға өңірдің аграрлық тауарөндірушілері қатысты. Бұл қаратда шараны ұйымдастырушылар А.И.Бараев атындағы АШҒӨО, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ және Syngenta Kazakhstan мекемелері де бар.

«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ Басқарма төрағасының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары И.Т.Тоқбергеновтың құттықтау сөзінде, Дала күнін республиканың ірі астық орталығында өткізудің маңыздылығы атап өтілді.Ол құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көпдеген инновациялық ғылыми-өндірістік идеяларды ілгерілету үшін ғылыми базаның маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Одан әрі пленарлық мәжілісте спикерлер, Орталықтың жетекші ғалымдары қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының белгіленген тақырыптары бойынша баяндамалар жасап, өз баяндамаларын қазіргі ғылыми зерттеулерін көрсетумен нақты және негізді реттеп, кең ауқымды пікір туғызды. Қатысушылар арасында пікір алмасу және алдағы егін жинау науқандарынасәттілік тіледі. Содан кейін ғылыми-зерттеу институттарының, «NANOTS» КЕАҚ университеттерінің, серіктестердің арнайы жетістіктері көрмесін аралау кезінде де пікірталастар мен өзекті мәселелер талқыланды.

Ауа-райына байланысты белгілі бір түзетулер енгізгеніне қарамастан, Егіс күніне ауыл шаруашылығы ғалымдары, фермерлер, отандық және шетелдік агрофирмалардың өкілдерінің арасынан қатысуға ниет білдіргендер жеткілікті болды. Бұл шынайы қызығушылық пен үлкен ғылыми әлеуеті бар, таяу және алыс шетелдердің ауылшаруашылық қауымдастығымен көптеген серіктестіктері бар белгілі Орталықта жаңа танымал идеяларды тартуға және құруға болатындығы себеп болғаны сөзсіз.

А.И.Бараев атындағы АШҒӨОбаспасөз қызметі

скачать dle 12.0
533 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх