А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғалымдары Қазақстандағы АҚШ елшілігінде өткен форумға қатысты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

23 тамызда Қазақстандағы АҚШ Елшілігінде «Ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар мен әдістер» атты форум өтті. Шараға шетелдік және қазақстандық ғалымдар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және мүдделі ауыл шаруашылығы компаниялары қатысты. Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің ауылшаруашылық бөлімінің атташесі Кристофер Билескид өз сөзімен шараны ашып берді. Ол ХХІ ғасырдағы ауылшаруашылық өндірісінің мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығы биотехнологиясын дамыту және саладағы өндірісті ұлғайту мен климатты жұмсартуға байланысты проблемаларды жеңілдету үшін бар мүмкіндікті олдан жібермеу керек деді. Бұдан бөлек Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов та сөз сөйледі.

Одан әрі «Аграрлық технологиялардың салаға трансферті: ғылым мен тәжірибе арасындағы көпір» тақырыбындағы сессия отырысында Брел-Киселева Инна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Латышев Николай, Agrosektor.kz, А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы орталығынан Ақшалов Қанат, және NANOC жобасының өкілі Матақбаев Даурен өз презентацияларын ұсынды.

Форум барысында ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар мен әдістердің қажеттілігі туралы жеке сектордың пікірлері тыңдалды, талқылауға қазақстандық өндірушілер де қатысты.

скачать dle 12.0
355 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх