БІР ОРЫНДА ҰЗАҚ ҮЗІЛІССІЗ ОРНАЛАСҚАН ТАЗА СҮРІ ЖЕР ТАНАБЫНА 60 ЖЫЛ


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Әлем елдерінде 300-ге жуық көпжылдық ұзақ далалық тәжірибелер қоятын стационарлар бары белгілі. Әсіресе ұзақ көпжылдық далалық тәжірибелер, оның ішінде тұрақты бір орында үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы нұсқасы, топырақтағы қарашіріндінің төмендеуі мен органикалық заттардың жиналуын объективті және сенімді нақты бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, тұрақты бір орында үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы нұсқасының болуы топырақтың құнарлылығына әсері біздің елімізде де, шетелде де ұзақ көп жылдық стационарлық тәжірибелерде зерттелді.

Бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабына тәжірибе құру идеясын алғаш рет 1912 жылы профессор А. Г. Дояренко Петровский ауылшаруашылық академиясының егістіктерінде жүзеге асырды. Сондай-ақ Ротамстед тәжірибе станциясында (1843) ұзақ далалық эксперименттер жүргізудің 180 жылдан астам тарихы бар екені белгілі. Алайда, осы тәжірибе станциясында бір орында үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы нұсқасы тек 1959 жылы қаланды.

Ресейдегі ең танымал К. А. Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында 1912 жылы шымды-күлгінтопырақта бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы тәжірибесі қойылды.

Сондай-ақ, Канадада осындай ұзақ мерзімді көпжылдық далалық тәжірибелер бар. Олар Альберт, Манитоба және Саскачеван провинцияларының танаптық тәжірибелік станцияларында жүргізіледі. Зерттеушілердің пікірінше, азот пен көміртектің ең көп жоғалуы алғашқы жылдары байқалды, содан кейін органикалық заттардың ыдырау қарқыны біршама баяулағаны байқалған. Алайда, 12 жылдан 26 жылға дейінгі кезеңде Канада топырақтарындағы тыңайған жерлер топырағында осы элементтердің ең бастапқы құрамынан шамамен азоттың төрттен бір бөлігі және көміртектің 1/5 бөлігін жоғалтқан және алынған деректердің нәтижесін үлкен сенімділікпен растайды.

Ал Қазақстанда бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы нұсқасы көпжылдық стационарлық далалық тәжірибелер, тек оңтүстік қара топырақта ШортандыдағыА.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталағында жүзеге асырылады. Тәжірибе учаскісі 1962 жылы тың әр түрлі шөпті-шалғынды далалық танап жыртылып қаланды, ал 1963 жылы бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы тәжірибесі қойылды, оның көлемі 3,5 га құрайды және бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді (сурет-1).

Далалық эксперимент басталғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін таза сүрі жер танабы учаскесі салыстырмалы түрде таза күйде ұсталады. Арамшөптермен күресу жыл сайын вегетациялық кезеңде 10-12 см және 12-14 см тереңдікке 4 рет және күзде 25-27 см тереңдікке терең негізгі өңдеу арқылы жүзеге асырылады.1962 жылы ауыспалы егіс стационарынқойылғанға дейін жалпы қарашіріндінің бастапқы мөлшері 3,90% құрады (кесте-1).


Кесте 1Топырақтың 0-20 см қабатындағы жалпы қарашірік құрамының көпжылдық динамикасы, %


Тәжірибе нұсқалары
1962 ж
бастапқы
1988 ж

2007 ж
2022 ж
Қарашірінді мөлшерінің 1962 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта бастапқы көрсеткіштен азаюуы
+; -
%
Бір орында үзіліссіз1961 жылданбастапгербицидсізжәнетыңайтқышсыз өсірілген жаздықбидай танабы
3,90
3,94
3,93
3,97
+ 0,07
1,79
Бір орында үзіліссіз1963 жылданбастапорналасқан таза сүрі жер танабы
3,90
3,40
2,71
2,59
- 1,31
33,55


Кестедегі деректердебір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы 60 жылуақытбойы жүргізілген стационарлықтәжірибедегі топыраққабатының 0-20 см дегі жалпықарашірікмөлшерібастапқыкөрсеткіштенедәуіртөмендегенін байқауға болады.Бір орында ұзақ үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабындағы жалпықарашіріндінің бастапқымөлшері 3,90% құрады, ал 60 жылдан өткеннен кейінол 2,59% - ғадейінтөмендедінемесебастапқыкөрсеткішінен 33,55% - ға азайғанын көрсетті.

Жаздықбидайдыгербицидтерсізжәнетыңайтқышсыз бір орында үзіліссіз тұрақтыөсіру нәтижесі дақылдардыңластануына, арамшөптердің санының көбеюіне және салмағының ұлғайуына байланыстытопырақтаорганикалықзаттардыңқосымша мөлшерінің жиналуынаәкелді. Жалпықарашіріндінің бастапқымөлшері 3,90% құрады, ал 60 жылданкейінол 3,97% болдынемесе 1,79% көтерілді, яғнибұлмәнді өлшеуқателігішегінде болды. Ұзақуақытбойы қарашіріндінің мөлшері төмендемейдіжәнебастапқыкөрсеткіш деңгейінде қалатыны байқалды.

Топырақты таза сүрі жер танабына қалдыру кезінде қаратопырақтардағыжалпықарашіріндініңтөмендеуініңнегізгісебептері–танапты жиі таза сүріге қалдыру, қарқынды жиі механикалық өңдеужәнеорганикалықзаттардың аз түсуіне әкелді. Нәтижесінде таза сүрі жер танабында арамшөптерғанаемес, соныменқатарбарлықөсімдікқалдықтарыжойылып, органикалық заттардыңминералдануы таза сүрі жерге қалдыру жылдарындажоғалғанқарашіріндініңорны толтырылмайды. Сонымен қатар, таза сүрі жер алқаптарында сабан мен өсімдікқалдықтарыныңболмауының аз түсуі салдарынан, өсірілгендақылдарға және өсімдіктер үшін тұтынатынқоректікзаттардыңқайтарылмауыжәнетопырақта жылсайынғы болатын жел мен су эрозиясыорыналады, бұл осы нұсқадақарашіріндінің төмендеуінеәкеледі.


Қортынды


Қазақстанның Ақмолаоблысындағы оңтүстік қаратопырақта тұрақты бір орында үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабы бойыншабірегейстационарлықтәжірибелер қойылған, олар 1963 жылы қойылды жәнеқазіргіуақытқадейінжұмысістепкеледіжәнеәліаграрлықғылымда жалғаса береді.

Бір орында үзіліссіз орналасқан таза сүрі жер танабында бастапқыкөрсеткіштенжалпықарашірікмөлшерініңайтарлықтайтөмендеуібайқаладыжәнежалпы азаюуы 33,55%-ды құрады. Ұзақмерзімдімеханикалық өңдеуді жиі қолдануорганикалықзаттардыңбелсендіминералдануынағанаемес, соныменқатартопырақтағыжалпықарашірінді мөлшеріназайтуға аса ықпалетеді.

Ұзақмерзімде жүргізілген далалықтәжірибелердің алынған деректерінің нәтижесі қарашірінді динамикасын күрт өзгеруін қамтамасызетеді, қоректікзаттардыңқұрамы мен айналымы, әсіресе NРК, сондай-ақтопырақтыңауырметалдарменластануыжәнет.б. ауылшаруашылықөндірісіжағдайында тауар өндіруші (фермер) осы жәнебасқакөрсеткіштердіңбарлығын ескеріп, жоғарыөнімалуүшін топырақтағы қарашірінді мөлщерін сақтауыкерек.


Ғылымимақаланың авторы

АуыспалыегісзертханасыныңмеңгерушісіҚиясАлдабергенАлдаонғарұлы

скачать dle 12.0
556 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх