Құрметті әріптестер, қымбатты студенттер!


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 65 жылдық мерейтойымен профессор-оқытушылар құрамын, барша қызметкерлерді және студенттерімізді шын жүректен құттықтаймын!
Біздің университет осыдан 65 жыл бұрын экономиканың аграрлық секторы үшін кадрлар даярлау мақсатында құрылған болатын. Бүгінгі күнге дейін біз сосы міндеттімізді адал атқара отырып, жыл сайын мыңдаған маманға өмірлік жолдама беріп келеміз.
Осы уақыт ішінде біз жоғары жетістіктерге жеттік. Мысалы:  ҚАТУ сапалы білім ордасы, уақыт сынынан сүрінбей өткен университет ретінде жақсы беделге ие. ҚАТУ оқытушылары өз саласының жоғары білікті мамандары. ҚАТУ түлектері өз мамандығының үздіктері.
Жыл сайын университет ғылыми-зерттеу бағытында дамып келеді. Ғалымдарымыз, магистранттарымыз бен докторанттарымыз өз жобаларын қаржыландыру үшін гранттар ұтып алуда.
Біз өсеміз, дамый беремізбиіктерді бағындырамыз – мұның бәрі ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі.
Университеттің мерейтойы – оның гүлденуіне үлес қосып жүрген әрбіріңіздің мерекеңіз.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, оқуларыңызға сәттілік тілеймін! Қашан да жолдарыңыз ашық болсын!
 

Басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов

скачать dle 12.0
376 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх