А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының жаңа басшысы тағайындалды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


"С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ 2022 жылғы 14 қазандағы № 812ж/к бұйрығымен Канафин Бильгибай "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 9 хаттамасының шешімі негізінде "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқуын аяқтағаннан кейін еңбек жолын 1983 жылдан бастап Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер лауазымында бастады және сол жерде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК Ғылыми әзірлемелерді енгізу және өндірісті басқару жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды.

2008 жылдан 2020 жылға дейін Бильгибай Канафин "Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС директоры қызметін атқарды.

Ғылыми қызметі

Бильгибай Канафин ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,12 ғылыми еңбегін жариялады, 2 авторлық куәлігі бар. Ол А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекциясындағы 7 ауыл шаруашылығы дақылы сорттарының авторы.

2015 ж. — №30299 "Жаздық бидай тұқымын өсіру тәсілі" инновациялық патенті бар.

Марапаттар мен жетістіктері

"Құрмет" орденімен, академик А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық медальмен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталған.

скачать dle 12.0
782 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх