Шетелдік әріптестермен идеялар мен ұсыныстар алмасу
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарының К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу Ауылшаруашылық академиясындағы ресейлік әріптесі Т.М. Джанчаровпен кездесуі өтті.Қазіргі уақытта Турмушбек Мурзахметович кафедрада доцент қызметінде жәнеЭкологиялық стационар кафедрасының үйлестірушісі (аграрлық және экологиялық тәжірибелер/зерттеулер) лауазымында жұмыс істейді және "ЕвроХим "МХК" АҚ (тыңайтқыштар өндіруші, тыңайтқыштарды қолдану саласындағы зерттеулер), Барилла (Barilla G. e R.) Sosieta per Azioni, макарон өндірушісі, оңтүстік аймақтарда қатты бидай өсіру бойынша зерттеулер) және Wetland Link International қауымдастығы (wli, ылғал сүйгіш дақылдарды зерттеу) компанияларымен келісімшарттар бойынша ғылыми зерттеулерді орындауға белсенді қатысады.
Қазақстанда Т.М. Джанчаров бірлескен ресейлік-қазақстандық ғылыми жобалар шеңберінде ҚР АШМ ҰАҒББО шақыруымен болды. Кездесудің басты мақсаты-идеялар мен ұсыныстармен алмасу, оларды ғылыми мекеме мен ЖОО қызметінде қолдану мүмкіндігі.