Орталықтың ғалымдары студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

     С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің басшылығы бастауыш курстардан бастап А.И. Бараев атындағы АШҒӨО студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін толық көлемде қалыптастыру мақсатында тәжірибеден өткізеді. Орталық ғалымдары өз кезегінде оларға ғылыми орталықтың қызметі мен оның жетістіктері туралы жеткізуге тырысады. Талдау орталығының қызметкерлері топырақ пен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау, топырақ құнарлылығын сақтау, эрозиялық процестердің алдын алу және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасына технологиялық бағалау жүргізу негізінде оны кеңейтілген молықтыру мәселелерін зерделеу мақсатында жүргізілетін барлық зертханалық зерттеулер туралы баяндады. Орталықтың қалыптасуы мен дамуының бүкіл тарихын бейнелейтін қоғамдық мұражай студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды және келушілердің назарына ауылшаруашылық техникасының модельдері, тарихи құжаттар, құнды қолжазбалар мен фото мұрағаттар ұсынылды.

    3 курстан бастап студенттер өндірістік практикадан өтетін, болашақ мамандыққа ену университет пен ғылыми орталық қамтамасыз ететін біліммен,дағдылармен қатар ажырамас білім беру процесі болып табылады.


Суретте: С. Сейфуллин атындағы КАТУ, агрономия факультетінің, биология, өсімдік қорғау және карантин мамандығының 2 курс студенттері

скачать dle 12.0
730 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх