Ғылыми кеңестің отырысы өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

    А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында биылғы жылы Ғылыми кеңестің бірінші отырысы өтті, онда Ғылыми кеңестің жаңа құрамы және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ғылыми бөлімдердің басшылары бөлімдерді дамыту бағдарламаларын ұсынды, онда Орталықтың ғылыми қызметкерлерін, жетекші ҒЗИ мен салалық жоғары оқу орындарын белсенді тарту арқылы зертханалық және далалық жағдайларда пәнаралық ғылыми зерттеулер жөніндегі жоспарларды көрсетті.

   Басқарма төрағасы Қанафин Бельгибай Камаловичбүгінде Орталық өзінің дамуын Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен оның еншілес ұйымдарының кадрлық, инфрақұрылымдық ресурстарын біріктіру жолымен Солтүстік Қазақстанда егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы құзыреттіліктің озық орталығы ретінде көретінін атап өтті. Ғалымдар алдында тұрған міндеттерді іске асырудың барлық компоненттері мүдделі тәсілмен және бейімделген ғылыми ізденіспен толығымен мүмкін.

   Сондай-ақ, білім тарату орталығының жұмыс жоспары және Орталықтың қызметі мен оның салалық БАҚ пен интернет-ресурстардағы жетістіктерін ақпараттық жариялау жөніндегі медиа-жоспар бекітілді.


скачать dle 12.0
307 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх