«Мал азықтық дақылдардың селекциясы» атты семинар өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  Жыл сайын 12 сәуір күні елімізде ғылыми қызметкерлердің кәсіби мерекесі – Ғылым күні аталып өтіледі. Ғылым күніне орай С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ агрономиялық факультетінің және РУДН аграрлық-технологиялық институтының ғалымдары «Мал азықтық дақылдардың селекциясы» атты семинар өткізді.

Қазіргі кезде мал азығын өндіруді ұйымдастыру екі елде де өзекті болып отыр. Өйткені бұл бағыт мал шаруашылығы дамуын, мал шаруашылығы өнімдерін алуды және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 Семинарда мал азықтық дақылдар селекциясының қазіргі мәселелері мен болашағы талқыланды. Өндіріс өкілдерінің сұраулары бойынша, саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес ҚазАТЗУ, РУДН, Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы сапалы көрсеткіштері кешені белгіленген мал азықтық шөптердің ең перспективті сорттарын алуға бағытталған, заманауи әдістер мен әдістемелерді қолдана отырып, мал азықтық дақылдардың селекциясын жүргізіп отыр.

  Қазақстан мен Ресей ғалымдарының өз жетістіктерінің нәтижелері селекцияның дамуының жоғары деңгейін растайды, мұнда мал азықтық дақылдарының сорттарын жасау кезінде аймақтық шектеуші факторларға  – тұздануға, құрғақшылыққа, жылудың жетіспеушілігіне және т.б. ерекше назар аударылады.

 Тыңдаушылар баяндамалармен танысып, а.ш.ғ.к. Валерий Анатольевич Бурлуцкийге, б.ғ.д., РҒА корреспондент-мүшесі Мурат Сабирович Гинс секілді РУДН ғалымдарына, б.ғ.к., ҚазАТЗУ-дың қауымдастырылған профессоры Айман Бөкенқызы Рысбековаға және Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі Надежда Ивановна Филипповаға сұрақтар қойды.

  ҚазАТЗУ, РУДН және Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары арасында өткізілетін бірлескен семинарлар көптеген сауалдарға жауап беріп, осы бағытта жұмыс істейтін ғалымдар арасындағы үздіксіз байланысқа мүмкіндік береді. 


Материал сайттан алынды https://kazatu.edu.kz/ru/news/prosel-seminar-na-temu-selekcia-kormovyh-kul-ur

скачать dle 12.0
485 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх