А.И. Бараев атындағы АШҒӨО және С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ: ғылым мен білімнің интеграциясы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

 Биылғы жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 250-ден астам студенті, магистранттары мен докторанттары А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында ғылыми тағылымдамадан және өндірістік тәжірибеден өтуде, бұл ғылыми ұйым мен ЖОО-ның өзара іс-қимыл, ынтымақтастық процесін жеделдетуге айтарлықтай дәрежеде негіз болады. Ең алдымен, бірлескен процестер қолданбалы зерттеулерге, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға, зертханалар мен танаптағы оқу және өндірістік тәжірибелерге, оқу сабақтарын өткізу үшін орталықтың жетекші ғалымдарын тартуға, студенттер мен дипломдық жұмыстардың тәжірибесіне жетекшілікжасауға, аспиранттарды, магистранттар мен докторанттарды бірлесіп даярлауға, салалық ЖОО-да дәрістер оқуға қатысты.

  Айта кету керек, А. И. Бараев атындағы АШҒӨО алаңы логистика және жаңа идеялар мен тәжірибелерді сынақтан өткізу тұрғысынан ыңғайлы. 2023 жылдың маусым айында Агрономия факультеті, «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының қызметкерлері: З.Ш. Сүлейменова, К. С. Байбусенова, Г. Т. Есенбекова құрамындағы жұмыс комиссиясы, алғаш рет ғылыми ұйым базасында студенттерінің өндірістік тәжірибеден өту қорытындысы туралы есептерін қабылдауды жүргізді. Бұл жаңашылдықтың ерекшелігі-студенттерді теориялық білімді, дағдыларды сапалы бекіту, болашақ кәсіби қызметпен байланысты жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындау процесінде тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіліктерді игеру және дамыту үшін тәжірибе уақытын барынша пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ Орталықтың аграрлық ғалымдарының басшылығымен алынған тәжірибелік білім кешенін таныстыру.

  Тәжірибе басталғанға дейін студенттер ҒӨО келесі бейінді зертханаларына бөлінді: өсімдіктерді қорғау зертханасы, көпжылдық шөптердің селекциясы зертханасы, майлы және дәнді-бұршақты дақылдарының селекциясы зертханасы, өсімдіктердің иммунитеті зертханасы, егістік дақылдардың агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасы. Осылайша, білім алушылар фитосанитариялық шараларды ғана емес, сонымен қатар оларды аурулардан, арамшөптер мен зиянкестерден қорғау үшін әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының селекциялық дақылдардың танаптарын өңдеуді, дақылдардың себу мерзімі мен тереңдігін есепке алуды, ресурстарды үнемдейтін технологияларды қолдануды, яғни түпкілікті нәтиже — лайықты өнім алу үшін агрономиядағы барлық процестер бір тізбек екенін түсінді. Өз кезегінде тәжірибе жетекшілері Кочоров А.С., Бабкенова С. А., Тен Е.А., Филиппова Н.И. бекітілді. Биылғы жылы өсімдіктерді қорғау және карантин мамандығы бойынша студенттер теориялық тұрғыдан жақсы дайындалып, тәжірибеде барлық жұмыс түрлеріне қызығушылық танытқанын атап өтті. Студенттердің кәсіби тәжірибеге деген қызығушылығын арттыру үшін мұндай жаңалық барлық жерде қолданылуда.

скачать dle 12.0
497 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх