Елордалық оқушылар астық шаруашылығы орталығына барды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  Бүгін А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында Астана қаласындағы «Аscend» бастауыш мектебінің оқушылары экскурсиямен болды. Орталық қызметкерлері Орталықтың қалыптасу және даму тарихын айтып берді, мұражайда өткен дәуірдің ауыл шаруашылығы дақылдарын, техникасын және экспонаттары мен мұрағаттық құжаттарын көрсетті, академик, институттың бірінші директоры А.И. Бараевтың жетекшілігімен агроном ғалымдардың республикамыздағы астық өндірісін қалыптастырудағы рөлі туралы оқушыларға толығырақ жеткізді. Селекциялық жетістіктер көрмесінде балалар ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі сорттарын көре алды, жаңа сорттардың қалай жасалатынын және аграрлық ғылымдағы ғалымдардың жұмысының ерекшеліктері қандай екенін білді.  Елордалық мектептің басшылығы мен педагогтары ірі астық шаруашылығы Орталығының қызметі туралы ақпараттық-танымдық экскурсия ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, оқушылардың егіншілік және өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша ғалымдармен одан әрі тығыз ынтымақтастығын тіледі.

скачать dle 12.0
448 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх