"А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО" ғалымдары ауа-райын болжауда


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

   «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» адаптивті және агроландшафттық технологиялар зертханасында «Ауыл шаруашылығы дақылдарының климаттың өзгеруіне осалдығын бағалау және Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өсімдік шаруашылығын бейімдеу шаралары»тақырыбында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы орындалуда. Жоба жетекшісі — Қазақстанның жетекші агроклиматологы С. С. Байшоланов.Бұл жоба климаттың егіншілік жүйелерінің тұрақтылығына теріс әсерін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бағытталған және Солтүстік Қазақстанның негізгі топырақ-климаттық аймақтарын қамтиды.

   Зерттеулер топырақтағы өнімді ылғал қорларының болжамын және соған байланысты дақылдардың өнімділігін болжаудың динамикалық моделін жасауға бағытталған. Математикалық модель және талдау негізінде елдің аймақтары бойынша егістікті пайдаланудың қолайлы құрылымы әзірленетін болады. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің тұрақтылығын арттыру үшін өнімділік модельдері дақылдардың ылғалға, жылуға және қоректік заттарға деген қажеттіліктерін ескереді. Тұрақтылық модельдерінің негізінде 2030-2050 жылдарға дейін агроклиматтық жағдайлар мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі туралы болжам жасау қарастырылған.

   Модельдер мен ықтимал болжам негізінде егіншілік пен өсімдік шаруашылығын Солтүстік Қазақстан өңірлеріндегі климаттың өзгеруіне бейімдеу шаралары бойынша ұсынымдар әзірленетін болады. Зерттеулер ауылшаруашылық жылы мен вегетациялық кезеңдегі көпжылдық метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеру заңдылықтарын талдауға негізделген. Зерттеулер өсімдіктердің биомассасының өзгеруін, өсімдіктердің даму фазалары бойынша «топырақ-өсімдік» ортасындағы су режимінің өзгеру динамикасын және оның заңдылығын, әртүрлі дақылдардың ылғалды пайдалану тиімділігінің коэффициентін, елдің аймақтары бойынша құрғақшылық коэффициентін талдаудың кең спектрін қамтиды. Маңызды практикалық нәтиже-Солтүстік Қазақстан бойынша агроклиматтық карталарды әзірлеу.1. А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындатанаптық жағдайларда метеорологиялық көрсеткіштерді бақылау, 2024 жыл.

Сурет 2. А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жер пайдалану аумағының ландшафты элементтері бойынша қардың түсуінің мониторингін маршруттық бақылаулары, 2024 жыл.

скачать dle 12.0
2 599 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх