Сақтау, зерттеу және құндысын анықтау
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Сақтау, зерттеу және құндысын анықтау — өсімдіктердің генетикалық ресурстарын селекцияда тиімді пайдаланудың негізі
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ауыл шаруашылығы дақылдарының коллекциялық материалдарымен кешенді жұмыстар жүргізілуде. Үлгілер далалық және зертханалық жағдайда зерттеліп, шаруашылыққа құнды белгілері, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері бойынша бағаланады.
Негізгі міндет — генетикалық әртүрлілікті сақтап қана қоймай, коллекция ішінен перспективалы нысандар мен құнды белгілердің көздерін анықтау. Олар жаңа бастапқы материалдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жасау барысында селекцияға қажет болуы мүмкін.
Зерттеліп, сақталған әрбір үлгі — бүгінгі және болашақтағы селекцияға қажетті құнды белгілердің әлеуетті көзі.
Жұмыстар BR22885305 «Қазақстан Республикасының селекциялық бағдарламаларын жетілдірудің базалық негізі ретінде агробиоалуантүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау, қалпына келтіру, мониторингілеу және ұтымды пайдалану жүйелерін дамытудың селекциялық-генетикалық технологиясы» іс-шарасы аясында жүзеге асырылуда.
66 -рет қаралды




















