Павел Петрович Колмаков


Тарих беттері
Павел Петрович Колмаков, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. П.Колмаков 1903 жылы 13 маусымда Свердлов облысы Красноуфимский ауданындағы Колпаковка деревнясында туған.
1926-1935 жылдары Красноуфимский ауыл шаруашылығы техникумында білім алған. 1935-1961 жылдар аралығында Қорған облысы Шадринский ауданында бас агроном, тәжірибе алқабының директоры, ұжымшар төрағасы, ауыл шаруашылығы экономикасының БҒЗИ тірек бекетінің меңгерушісі, 1961-1976жылдарыБАШҒЗИ-да алқаптық дақылдар мен арамшөптермен күрес агротехникасы зертханасының меңгерушісі болып еңбек етті. Ол топырақты қорғау егіншілігінде арамшөптермен күресуді ғылыми жұмысының басты бағыты етіп алды. 60-жылдардың басында егістерге мысыққұйрық көп залал келтірді. Солтүстік Қазақстанда ол алқаптардың 77%-ға дейінін жайлап кетті. Сондықтан зертхана өз қызметінің алғашқы жылдарында биология бойынша зерттеулер мен аталмыш арамшөпті жоюдың әдістеріне ерекше назар аударды. Жүргізілген тәжірибелер өндіріске мысыққұйрықты жоюдың тиімді агротехникалық шараларын ұсыныс етуге мүмкіндік берді.
Зертхананың ұсыныстарын өндіріске кеңінен енгізу олардың тиімділігін дәлелдеп шықты. Оған Солтүстік Қазақстанда егістерді мысыққұйрық басып кетуі 1975 жылға қарай 77%-дан 10-12%-ға дейін төмендеуі дәлел. 1964 жылы П.П.Колмаковтың авторлығымен «Мысыққұйрық және онымен күрес» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап жаңа материалдармен толықтырылып, 1975 жылы қайта басылып шықты. П.Колмаков 1968 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атағын алу үшін «Тың аудандардағы мысыққұйрық және онымен күрес шаралары» (Саратов қ.) диссертациясын қорғады. Ол 7 монография мен 90 мақаланың авторы.
скачать dle 12.0
1 131 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх