"Барс" - Еділ түйебұршағы


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Е.И. Парсаев, Т.М. Коберницкая.
Еділ түйебұршақтары түріне жатады. Орта мерзімде пісіп-жетілетін сорт. Көктемде алғаш шыққаннан бастап, орып алуға дайын болғанға (гүлдей бастаған кез) дейінгі уақыт — 45-65 күн, тұқымы пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 97-105 күн, бірінші орым мен екінші орымның аралығы — 40-48 күн.

Көктемде қаулап шығады және жаз ылғалды болса, бір орып алғаннан кейін дежақсы өседі. Сорт қысқы суыққа және құрғақшылыққа төзімділігімен, тұқымдарының біркелкі пісіп-жетілетіндігімен, сондай-ақ, өсімдік аурулары (шық тәріздес ақ ұнтақ, т.б.) мен тұқым зиянкестеріне (тұқымжегіш, беде жалпақаяғы) төтеп бере алатындығымен ерекшеленеді. Бұтасы тік өседі, биіктігі 69-130 см. Жапырақтануы — 39,2-52,0 пайыз. 1000 дана тұқымның салмағы — 2,7-3,5 г.

Сорт мол өнім береді. Алты жылғы орташа көрсеткіштер бойынша, көк шөп күйінде 193,9 ц/га, пішен — 56,4 ц/га, тұқым жинауда — 2,5 ц/га өнім алынған. Кептірілген шөпте шикі протеин — 20,1 пайыз, клетчатка 19,2 пайыз, азықтық бірлік — 0,69 кг/кг болады.

Сорт 2011 жылдан бастап республиканың селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Павлодар облысында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 909 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх