"Кормовое 2008" - мал азығындық тары
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Э.Я. Струева, Т.С. Мамыкина.
Кокцинеум (CoccineumKorn) түршесіне жатады. Бас жағы тармақты, ұзындығы орташа болады (22-25 см.) Дәні қызыл, дөңгелек тәріздес, ірі. 1000 дана дәннің салмағы — 7,5-8,5 г, шашылып түсе бермейді.
Биіктігі әдетте орташа — 80-100 см, ылғал мол түскен жылдары 120-140 см болады.
Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы — 75-90 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды. Әдеттегі жағдайда қара күйеге төзімді келеді, ал жұқпалы аурулар белең алған жағдайларда сирек зардап шегеді.
Көк күйінде де, кептірілген күйінде де мол өнім береді. Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде көк күйіндегі өнім — 201,3 ц/га, пішен күйінде — 60,4 ц/га, астық өнімі 21,6 ц/га болды. Ал өндірістік сынақта көк күйіндегі өнім — 227,5 ц/га ц/га, пішен күйінде — 113,3 ц/га болды. Белок пен клетчатканың үлесі: 11,4 және 16,2 пайыз. Азықтық бірлік көрсеткіші — 0,568 кг/кг.
Сорт 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Алматы облысы бойынша өндіріске пайдалануға рұқсат берілген.
1 335 -рет қаралды