АШҒӨО-да егіс науқанына дайындық талқылады
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО егіс алқаптарында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Кенжешұлы Әбдіқалықов, Шортанды ауданының әкімі Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов және Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Аманжолұлы Таласбаев болды.
Олар бас директор Абдуллаев Кенже Қожахметұлы бастаған АШҒӨО мамандарымен егіс науқанының ерекшеліктері мен міндеттерін, техниканың дайындығын талқылады. Сонымен қатар қонақтарды топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуі, себу мерзімдері, ылғал сақтау мен арамшөптермен және зиянкестермен күресуге арналған агротехнологиялық тәсілдер бойынша болжамдар қызықтырды.
Кездесу барысында биылғы көктемінің жылы болуы АШҒӨО қызметкерлеріне дала маусымын ерте бастауға, сондай-ақ көпжылдық шөптерді ерте егуге мүмкіндік беретіні айтылды.
938 -рет қаралды