Дала тәжірибелерін тексеру бойынша ақпарат
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО егістіктерінде ҚР АШМ БМҚ жобалары бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде далалық тәжірибелер тексеруден өтті.
Бас директордың орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ирмулатов Б. Р. бастаған комиссия егіншілік және селекция бөлімдерінің тәжірибелі стационарларына, сондай-ақ нақты егіншілік полигонына барды.
Тексеру нәтижесінде комиссия дала тәжірибелерінің жобалардың жұмыс бағдарламаларына сәйкес екенін анықтады. Биылғы жылдың мамыр-маусым айларында жауын-шашынның аздығына қарамастан, тәжірибелі стационарларда бидай егісі жақсы, өйткені ғалымдар барлық агротехнологиялық, әсіресе, егіс мерзімдері бойынша талаптарды сақтаған.
Шілде айында фунгицидтік және инсектицидтік өңдеу аяқталды, бұл егін шығынын болдырмауға көмектеседі. Ғалымдар қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан жобалар бойынша жоспарланған жұмыстарды, сондай-ақ болашақ жобаларға практикалық негіз болатын перспективалы бағыттар бойынша тәжірибелер жүргізеді: отандық және шетелдік сорттарға экологиялық сынақтар жүргізеді, дәнді дақылдардың генофонды сақталады және толықтырылады, органикалық және нақты егіншілік бойынша, сондай-ақ биопрепараттарды қолдану бойынша тәжірибелер жүргізіледі.
709 -рет қаралды