А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның ғалымдары AgriTek / FarmTek 2021 көрмесіне қатысты


Жаңалықтар






Нұр-Сұлтанда AgriTek / FarmTek 2021 ауыл шаруашылығының 16-шы халықаралық мамандандырылған көрмесі өзжұмысын бастады. TNT EXPO ұйымдастырған 16-шы халықаралық көрменің тақырыбы «Ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары», «Көгалдандыруға арналған жабдықтар», «Мал шаруашылығы».
Оның жұмысына ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтары, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары, мал азығы, ветеринарлық технологиялар және басқаларды өндірушілер қатысады. 8 елден 100-ге жуық компания өз жетістіктерін көрсетеді. А.И Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары AgriTek / FarmTek көрмесін тамашалады.
«Көрмеге салалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты,оларменорталықтың ғылыми қызметкерлері қатынас жасап, Орталықтың қызметімен таныстыруға мүмкіндік алды, әрі ғалымдардың ғылыми әзірлемелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, көрмеде ауылшаруашылық ғалымдарының ғылыми жарияланымдары бар кітаптар көрсетілді, соның ішінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, АШҒӨО-ның Басқарма Төрағасы Нұрлан Амангелдинұлы Серекпаевтың кітабы ұсынылды », - деп атап өтті көпжылдық шөп селекциясы зертханасының меңгерушісі Филипова Н.И.
Қатысушы компаниялар ауыл шаруашылығы техникалары мен тыңайтқыштардың кең ассортиментін көрсетті. Ғалымдардың назары «Сорто Трейд» компанияна түсті,олар экспарцет, еркек шөп, арпабас және түйежоңышқасияқты дәнді дақылдарды жаңа фотосепараторда тазартады екен. АШҒӨО-ның ғалымдары бұған дейін ұқсасфитосепараторды өз жұмысында қолданатын, бірақ жаңа модель де оларды қызықтырды. Жалпы, ғылыми қызметкерлер көрмеге қойылған жабдықтар, тыңайтқыштар мен әзірлемелерді жоғары бағалады. Әрдайым А.И.Бараев атындағы АШҒӨО заман ағымына ілесіп жүруге және өз жұмысында ең жаңа технологияларды қолдануға тырысады.
скачать dle 12.0
595 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх