Диссертацияны сәтті қорғаумен құттықтаймыз!


Жаңалықтар

2023 жылғы 23 маусымда "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ Курбанбаев Алмас Измуратовичтің 6D080100 - Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған "Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында жоғары сапалы мал азығын алу үшін біржылдық мал азықтық дақылдардың өсіру теxнологиясының элементтерін жетілдіру" тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті "КЕАҚ "Егіншілік және өсімдік шаруашылығы" кафедрасында орындалды. Қорғау тілі: Қазақ тілі.


Ғылыми кеңесшілері: Байтеленова Алия Аскеровна - ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы. Зотиков Владимир Иванович ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, ғылым бойынша директор орынбасары, Бұршақ және жарма дақылдарының федералды ғылыми орталығы, Орел қаласы, Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының "Дәреже беру туралы" 2023 жылғы 20 қазандағы №736 бұйрығымен Курбанбаев Алмас Измуратовичке 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.


Әріптестер көптен күткен жеңісімен құттықтайды, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды және таңдалған ғылыми жолда жаңа шыңдарды бағындыруды тілейді. Денсаулық, инновациялық ғылыми жаңалықтар, оптимизм және отбасылық әл-ауқат тілейді!

скачать dle 12.0
2 770 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх