"Ауыл" партиясының ұстанымы - АӨК-те оң шешімдерді іздеуге ықпал ету
Жаңалықтар
11 қаңтарда Ақмола облысына жұмыс сапары аясында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ауыл" ХДПП төрағасы Серік Егізбаев бастаған аграрлық саяси партия өкілдерінің делегациясы келді.
Тарихи мұражайға экскурсия барысында делегация мүшелері орталықтың қалыптасу және даму тарихымен, аграрлық ғылымға елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдардың өмірі мен қызметімен танысты.
Орталық ғалымдары қонақтарға А.И. Бараев атындағы АШҒӨО қызметінің негізгі бағыттары болып табылатын егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелері мен жетістіктері туралы айтып берді.
Салалық партия мүшелері Солтүстік Қазақстандағы селекциялық-тұқым шаруашылығы қызметінің ерекшеліктеріне және климаттың өзгеруі жағдайында құрғақшылыққа төзімді инновациялық сорттардың рөліне қызығушылық танытты.
Топырақ және өсімдік шаруашылығы өнімдері сапасының аналитикалық бөліміне бару барысында олар өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын технологиялық бағалау бойынша заманауи жабдықтармен және жұмыс әдістерімен таныстырылды. Ауыл партиясының жетекшісі Серік Егізбаев сапар барысында аграрлық ғылымның рөлі мен орны, атап айтқанда, АӨК-ні одан әрі жаңғырту жағдайында ірі астық шаруашылығы орталығы ғалымдарының қызметіне ерекше назар аударыды.
Кездесу соңында олар: "Шет елдік тұқымдарды қаржыландырудың және тапсырыс берудің орнына оларды осы жерден сатып алу керек. Отандық ғылыми орталықтың өнім сапасы олардан кем түспейді, әлемдік стандартқа сәйкес келеді. "Ауыл" партиясының ұстанымы - біз бұл мәселені көтеріп, оң шешімдерді іздеуге ықпал етуіміз керек" деп атап өтті.
3 641 -рет қаралды