АШҒӨО ғалымдары қар тоқтату технологиясы туралы
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанның далалы аймағы жағдайында СВУ-2,6 пайдалананып, қар тоқтату технологиясын келесідей ұсынуға болады.
Алғашқы қар тоқтатып кеткеннен кейін келесі қар тоқтату аралығы мен атжалдардың арақашықтығы анықталады. Ол атжалдардың биіктігі 15 есеге тең. Мұны механизатордың өзі орната алады, атжалдардың биіктігін жоғарыдан қардың бетіне дейін өлшейді.

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО-ның көпжылдық деректері бойынша алғашқы қар тоқтату жұмыстары егістіктерде қар жамылғысының биіктігі 12-15 см болған кезде жүзеге асырылады. Осы уақытта егістіктерде қар болмаған жағдайда қар жамылғысының 12 см деңгейінде жиналуын және қардың бетінде қалыңдығы 3-5 см қатқақ пайда болғанша күту керек. Бұл жағдай атжалдардың арақашықтығын 4-5 м-ден кейін орналастырып, қар тоқтатуға мүмкіндік жасайды. Әдетте қардың биіктігі 12-15 см болғанда, СВУ-2,6 агрегатының көмегімен атжалдардың биіктігін 35-45 см тоқтатуға және алдағы қарлы боран мен түсетін қар атжалдардың арасына жиналуын қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Кейбір жылдары қыс мезгілінде қардың қажетті мөлшерін жинау үшін бір рет қар тоқтату жеткіліксіз. Содан кейін қарды қайтадан тоқтату керек, СВУ-2,6 агрегаттарын алғашқы атжалдардың арасымен бағыттау керек.
2 937 -рет қаралды