Климаттың тез өзгеріп жылуынуына байланысты тауар өндірушілерге ұсынымдар


Жаңалықтар

Семинарға ауданның әр түрлі саладағы басшылары және Қорғалжын ауданының әкімі Жанбаев Берік Амантайұлы қатысып ауыл шаруашылығы тауар өндіршілер алдында өткен 2023 қолайсыз қуаңшылық жылы жиналған дақылдардың өнімі мен алдағы жылға кәсіпорындардың жобалары туралы ақпарат беріліп оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды (сурет-1).
Сурет-1 Қорғалжын ауданындағы әр түрлі саладағы басшылары мен тауар өндірушілердің қатысушылары
Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне климаттың тез өзгеруіне байланысты егіншілік және өсімдік саласындағы мәселелерге арналған ұсыным семинар болды. Семинарға А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары егіншілік бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы және өсімдікті қорғау зертханасының міндетін уақытша атқарушы Утельбаев Ерлан Аманжолұлы қатысып өз ойларымен бөлісіп пікірлерін айтты (сурет-2,3).
Сурет-2 Егіншілік бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлының тауар өндірушілер алдындағы баяндамасы
Сурет-3 Өсімдікті қорғау зертханасының міндетін уақытша атқарушы Утельбаев Ерлан Аманжолұлының тауар өндірушілер алдындағы баяндамасы
Жалпы жаһандық жылынудың әсерінен жыл сайын ауа температурасының көтерілуі, мұздардың еруі, дауылдар мен желдің жиі болуы, су тасқындарының көбеюі т.б.факторлар егіншілік саласына қуаңшылық әкелуде. Ауаға жіберілетін метан, көмірқышқыл газы, химиялық зиянды қосылыстар әсерінен озон қабатында тесік пайда болып, климаттың жылыну әсері байқалуда. Соңғы 50-60 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың қолдан жасаған кесірінен орын алып отыр. Бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) әсері.Кейбір деректер бойынша Қазақстан жерiнiң 66 % бөлiгiне құрғақшылық пен деградацияға ұшырау қаупi төнiп тұр. Бұл алқаптарға ылғал, су қорының тапшылығына алып келуi де мүмкiн. Нәтижесінде сыртқа шығаратын ауыл шарушылық өнімі азаяды және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін.
Өткен ағымдағы 2023 жылы қалыптасқан жағдайлар елдің солтүстігіндегі астық егетін өңірлер үшін вегетация кезеңінде атмосферадан түсетін жауын-шашын тапшылығы мен ауаның орташа температурасы көп жылдық деректерден біршама жоғары болғаны байқалады. Егістіктердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы даму кезеңі мен өсіп жетілуіне теріс әсерін тигізді. Біздің орталықтағы метеопосттың алынған деректері бойынша тамыз, қырқүйек айларында жауған жауын шашын орташа мөлшері 12,7-33,2 мм аралығын құрап, көп жылдық мөлшерінен ауаның орташа температурасы +1,10 С жылы болды. Егін жинау науқаны кезінде тоқтаусыз жауын жауып кететін жағдайлар болып егістік басына бару мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде өсірілген дақылдардың өнімі азайып, өсімдік дәніндегі астық сапасы біршама төмендеді.
Одан басқа өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне климаттың тез құбылып өзгеруіне байланысты егіншілік және өсімдік саласындағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарының егістік танаптарда тиімді ылғал қорын жинаудың жолдары және осы алғы дақылдардаран кейін өсірілетен басты алғы дақыл жаздық бидайға тигіетін әсері, өңірдегі егістік көлемінің құрылымын әр түрлі мақсатқа тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері мен жоғары пайда беретін, ылғал қорын үнемдейтін дақылдарға назар аудару мен өсіру технологиясына мән беру, Отандық сорттардың қуаңшылыққа шыдамды, төзімді әр түрлі пісу кезеңіне және климаттың тез өзгеруіне, құбылмалығына байланысты, танап топырақ ерекшелігіне қарай таңдауға көп көңіл бөлуді қажет етеді.
Тағы бір мәселе бойынша фермерлердің айтуы ауданданның егістік танаптарында карантинді арамшөптердің арасынан үлкен қауіпті жатаған (қызғылт) укекіре тудырады. Сондықтан жатаған укекіремен тиімді күресу жұмыстарын жүргізуде ластанған жерлерді анықтау бойынша мониторинг жұмыстарын уақытылы жүргізу және 2024 жылы карантинді арамшөпке қарсы өңделген жерлерді тиянақты зерттеп, агротехникалық және химиялық шараларды кешенді түрде пайдаланып, бақылау жүргізу әр тауар өндірушілер үшін міндетті болып табылады. Одан қалды қазіргі заманғы ауыл шаруашылығын тиімді жүргізуді ақпараттық технологияларды және тиімді ресурстарды үнемдеуді және өндірісті қарқындатудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін заманауи технологияларды іске асыру қажет.
Семинарға материалды дайындаған А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы егіншілік бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы
скачать dle 12.0
2 931 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх