Шығармашылық одақ нәтиже береді


Жаңалықтар

  2024 жылдың 12 мамырында «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-не Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (Алматы қ.) ғалымдар тобы ҚР ҰҒА академигі Мейірман Г.Т., жетекші ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ержанова С. Т., мал азықтық дақылдар зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Абаев және басқа да қызметкерлер 2024-2026 жж ҚР АШМ БНҚ «Қазақстанның әртүрлі агроклиматтық аймақтары үшін мал азығы дақылдарының бәсекеге қабілетті сорттары мен будандарын құру және сорттық технологияны әзірлеу» және халықаралық жобалар бойынша міндеттерді атқаруға келді.

  Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ (Алматы қ.) ҚР АШМ бағдарламалары және көпжылдық мал азығы дақылдары бойынша халықаралық жобалар шеңберінде А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен (Шортанды) ұзақ уақыт бойы ғылыми байланыста болды. Жобалар климаттың жаһандық жылынуы жағдайында құрғақшылыққа төзімділікті арттыруға бағытталған.

  А. И. Бараев атындағы АШҒӨО қатал климаттық жағдайда далалы аймағында орналасуына байланысты, жоңышқаның қысқа төзімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін бағалаудың экологиялық нүктесі болып табылады. Әсіресе жабайы түрлерін қолданған кезде. Бұрын (2019-2023 жж.) А. И. Бараев атындағы АШҒӨО стационарында Австралияның жайылымдық дақылдарының генофондынан және Оңтүстік Австралиялық даму институтынан (SARDI) келіп түскен CWR-формасының 96 үлгісі бағаланды. Бұл бағытта селекция жалғасуда.

  А. И. Бараев атындағы АШҒӨО көпжылдық шөптер бөлімінің қызметкерлері мен осы бөлімнің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Н. И. Филиппова мен көрнекті селекционер Е. И. Парсаев қысқа төзімділігін бағалау үшін жоңышқаның 96 үлгісін септі.

  А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да көпжылдық шөптер (еркекшөп, қылтықсыз арпабас, сұр бидайық, тарлау қияқ, жоңышқа, эспарцет, беде) және бір жылдық мал азықтық дақылдары (судан шөбі, құмай және т. б.) бойынша селекциялық жұмыстар солтүстік өңірде кең ауқымда жүргізілуде.

  Басқарма Төрағасы Т. В. Савинмен бірлескен жұмыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

скачать dle 12.0
2 145 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх