Неміс фермерлері А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығына келді
Жаңалықтар
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына «Байсерке Агро» ЖШС базасында «Қазақстанда тұрақты сүт өндіру саласындағы кәсіпорындардың құзыреттілігін арттыру» жобасы аясында Германиядан келген фермерлер тобы келді.
Неміс фермерлерінің ірі қазақстандық ғылыми орталықтың ғалымдарымен кездесуін ұйымдастырудың негізгі мақсаты қонақтардың ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктеріне және оларды Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өсірудің агротехнологиялық әдістеріне қызығушылығы болып табылады.
Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Долинный Юрий Юрьевич неміс делегациясының қатысушыларын орталықтың қызметімен таныстырды, бұл ретте орталықтың негізгі мамандануы АӨК қажеттіліктерін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарымен және орнықты даму мақсатында озық егіншілік жүйелерімен ғылыми қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде неміс фермерлері Германияның ғылыми орталықтарымен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті.
Бұдан әрі көпжылдық шөптердің селекциясы бөлімінің меңгерушісі Филиппова Надежда Ивановна орталықта Солтүстік Қазақстанның далалы аймағының экстремалды топырақ-климаттық жағдайларында мал азығы дақылдарының (көпжылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптер, бір жылдық мал азығы дақылдары — судан шөбі мен құмай) жаңа жоғары өнімді және сыртқы ортаныңстресстік факторларына бейімделген сорттарын құру және олардың тұқым шаруашылығы қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.
Қонақтарды климаттық ерекшеліктер, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, ауыспалы егістер және өңдеу әдістері, минералды тыңайтқыштарды қолдану және Орталық өнімдерінің өңірлерден келген фермерлер арасында қаншалықты сұранысқа ие екендігіне және ынтымақтастыққа қалай қолдау көрсетілетініне қатысты көптеген мәселелер қызықтырды. Кездесу барысында қазақстандық және еуропалық егіншілік мәселелері бойынша салыстырмалы талдау жүргізіп, нақты сандар мен фактілерде сүйене отырып Германия және Канада ғалымдарымен кең ауқымды жемісті ынтымақтастыққа ие, агроландшафт және бейімдеу технологиясы зертханасының меңгерушісі Акшалов Канат Ашкеевич осы мәселелердің толық кешенін атап өтті.
Тәжірибелік эксперименттік танаптарда неміс фермерлері дақылдардың жалпы көрінісін қарап, басқа да қызықты сұрақтар қоя алды. Тараптардың достық қарым-қатынасын тудырған тәжірибелік бағытта жақсы іскерлік пікірлер мен білім алмасу болды.
Айта кету керек, мұндай кездесулер дақылдар мен климаттық жағдайлардың айырмашылығына қарамастан, кездесуге қатысушылардың бір-біріне деген сенімін оятып, өзара білімге қанықтырып, ойға азық береді.