А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында Дала күні: ғылым мен тәжірибені байланыстыру


Жаңалықтар

  А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында «Климаттың өзгеруі жағдайындағы астықтың тұрақты өндірісі» тақырыбында ғылыми қоғамдастық өкілдері мен фермерлер, техника жеткізуші компаниялардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуымен Дала күні өтті. Дала күніне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов және «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасының м. а. Ерлан Қуанышұлы Айтаханов қатысты. Дала күнінің іс-шараларына шетелдік әріптестер, Италия, Словения, Қытайдан келген ғалымдар қызығушылық танытты.

  Дала күні аясында фермерлер үшін 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы аясында «Климаттың өзгеруі жағдайында дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өсіру технологиялары: рентабельділік, өндірістің тұрақтылығы» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті. Семинарда адаптивті және агроландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушісі, сарапшы Акшалов Канат Ашкеевич «Климаттың өзгеруі жағдайындағы егіншілік жүйесінің негізгі бағыттары» тақырыбында презентация жасады. Өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі Кочоров Абдумамат Сулейманович «Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары, зиянкестері, арамшөптері және кешенді қорғау жүйесі бойынша іс-шаралар» тақырыбы бойынша баяндама жасады. АШҒӨО тәжірибелік егістіктерінде фермерлер ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде инновациялық технологияларды қолданумен таныса алды. Демонстрациялық алаңда селекционерлер солтүстік өңірде өсірілетін басқа сорттармен салыстыра отырып, Орталық селекциясының дәнді, жемазықтық, дәнді-бұршақ, майлы, жарма және мал азығы дақылдарының перспективалы сорттарының егістіктерін көрсетті.

  Кездесу барысында жемісті пікір мен тәжірибе алмасып, ғалымдар фермерлердің сұрақтарына жауап берді.



скачать dle 12.0
1 564 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх