А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығына Ақмола облысының прокуроры Куттуков Руфат Бауыржанұлы келді


Жаңалықтар

  Бүгін Шортанды ауданына жұмыс сапары аясында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығына Ақмола облысының прокуроры Куттуков Руфат Бауыржанұлы келді. Ол тарихи мұражайда ірі республикалық астық орталығының қалыптасу және даму тарихымен үлкен қызығушылықпен танысты.Кездесу барысында Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович орталықтың егіншілік пен өсімдік шаруашылығының басым бағыттары бойынша қызметі туралы, сондай-ақ ұжым жұмыс істейтін ірі ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын іске асыру аясындағы нысаналы ғылыми әзірлемелер туралы айтып берді. Селекционер ғалымдар бүгінде аймақтың фермерлерінде сұранысқа ие жаңа перспективалы сорттарды көрсетті. Құқық қорғау қызметінің басшысы Р. Б. Куттуков ғылым мен агробизнестің байланысы және жалпы орталықтың халықаралық ынтымақтастығы туралы сұрады.


  Кездесу соңында облыс прокуроры аграрлық саланы дамыту жолында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар үшін алғыс білдіріп, АШҒӨО ғалымдарына астық ғылымын дамытудың әрқашан алдыңғы қатарында болуын тіледі.

скачать dle 12.0
1 606 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх