2024 жылдың қорытындысы: А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары қандай жұмыс атқарды
Жаңалықтар
Бүгінгі таңда заманауи талаптарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жетілдіру, климаттың табиғи өзгерістерін есепке алу, ауыл шаруашылығы жұмыс органдарына қойылатын агротехникалық талаптарды кеңейту, жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын негіздеу және бейімдеу мәселелері өзектендірілді. Зерттеулер елдің әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарына арналған цифрлық платформаларды пайдалана отырып, ғылымды қажетсінетін, инновациялық технологияларды әзірлеуге, жаңа бағдарламалық құжаттарды (ГАЖ технологиялары, жерді қашықтықтан зондтау деректері (ЖҚЗ) және т. б.) пайдалануға бағытталған. А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары әзірлеген Қазақстанның құрғақ өңірлері үшін егіншілікті жүргізу жүйесі өзін толық ақтайды. Бүгінгі таңда осы технологияларды сәтті игерген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімін алуда. Астрахан ауданының «Достық 06», Фермер 2002» шаруа қожалықтары, Шортанды ауданының «Нұр Астық» холдингі, «Кен Дала» ЖШС, Целиноград ауданының «Родина» Агрофирмасы, Ақмола облысы Қорғалжын ауданының «Sapa Grain» ЖШС мысал бола алады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтарының заманауи технологияларын табысты игеруде. Бұл жоғарыда аталған шаруашылықтар ҒӨО ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, соңғы жылдары бидайдан 2,0 т/га өнім алуда. Сонымен қатар, олар егістік алқаптарын ғылыми негізде әртараптандыруды қолданады — бұл қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы сенімді «буфер» болып табылады.
2024 жылдан бастап ғылыми жетістіктердің нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша 19 Бағдарлама іске асырылуда, олар түпкілікті нәтижелерге өзара мүдделілік негізінде ғалымдар мен фермерлердің әріптестік қарым-қатынастарын жандандыруға бағытталған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жобалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде материалдық-техникалық жарақтандыру айтарлықтай жақсарды: орталықтың ғылыми-өндірістік әлеуетін ресурстық арттыру үшін сепкіш, екі жинау комбайны және басқа да қажетті техникалық жабдық сатып алынды.
«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Т.В. Савин