Селекция және тұқым шаруашылығы мәселелері жаңа деңгейге көтерілді


Жаңалықтар

9-10 қаңтарда Ұлттық аграрлық ғылыми - білім беру орталығында Басқарма Төрағасы АйгүлТөлеуғазықызы Ахмеджанованың төрағалығымен еншілес ұйымдардың барлық басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Күн тәртібінде агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми әлеуетті арттыруда шешуші рөл атқаратын осы саладағы кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Іс-шара барысында еншілес ұйымдар басшыларының есептері тыңдалды.

"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Т.В. Савин өз баяндамасында әлемдік генофонд негізінде 17 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша тәжірибелік селекция әлемнің 60 елінен үлгілермен ұсынылғанын, дәнді, дәнді-бұршақ, майлы, жарма және мал азығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндіру және өткізу жолға қойылғанын баяндады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде технологияларды бейімдеу және дамыту жүзеге асырылуда. Фермерлермен тығыз ынтымақтастық дамуда, 2024 жылдан бастап 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасын іске асыру басталды.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау шеңберінде жоспарлы жұмыс жалғасуда. Орталық ұжымының алдында тұрған осы міндеттер мен мақсаттардың барлығына жақын арада қол жеткізуге болады және елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, проблемалық мәселелер анықталды, оларды жедел шешу Орталықтың ғылыми-өндірістік әлеуетін айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етеді.

скачать dle 12.0
56 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх