"QAZAQ TUQYM" консорциумының қызметкерлерін оқыту


Жаңалықтар

«А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС базасында 2025 жылғы 17-18 наурыз аралығында «QAZAQ TUQYM» консорциумының жұмысы шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ еншілес ұйымдарының қызметкерлері үшін құзыреттілікті арттыру бойынша семинар өтті.

Семинарда орталықтың ғылыми қызметкерлері ауыл шаруашылығы және селекция саласында баяндамалар жасады. Ауыл шаруашылығы бойынша семинарға қатысушылар биологиялық егіншіліктің негізгі бағыттары, нақты егіншілік элементтері, өсімдіктерді кешенді қорғау, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және отандық сорттардың сорттық агротехникасы бойынша баяндамаларды тыңдады.

Ғалым-селекционерлердің пікірталасы қазақстандық ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясының негізгі бағыттарын, тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері мен перспективаларын қарау процесінде өтті. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

скачать dle 12.0
546 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх