А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары "Шахтерское" элиталық тұқым шаруашылығындағы көктемгі егіс науқанына дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС ғалымдары Акшалов К.А., Ирмулатов Б.Р. және Курбанбаев А.И. Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы "Шахтерское" ЖШС элиталық тұқым шаруашылығы басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында шаруашылық аумағында 2025 жылғы көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары, соның ішінде тұқым себу, минералдық тыңайтқыштарды енгізу және жерді өңдеу технологиялары талқыланды.
Орталықтың ғалымдары шаруашылықтың бас агрономымен бірге егіс танаптарын аралап, топырақ құрылымы мен оны өңдеу сапасын, сондай-ақ ылғалдылық деңгейі мен өсімдік қалдықтарымен жабу жағдайын зерттеді. Жер жағдайымен танысу барысында өсімдіктердің биылғы өсу кезеңінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен оларды азайтуға бағытталған технологиялық ұсыныстар бойынша өзара пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай тәжірибелік кездесулер өндірістік және ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, агротехнологиялық шешімдерді нақты табиғи-климаттық жағдайларға бейімдеуге ықпал етеді.
1 413 -рет қаралды